Кобалия Ирина Владимировна еңбек жолын 2001 жылдан бастап информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2009 жылдан бастап қалалық білім бөлімінің ақпараттық технологиялар орталығының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2017 жылғы қаңтардан бастап Рудный қаласының №17 орта мектебінің директоры болып тағайындалды, 2018 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Рудный қаласы білім бөлімінің №4 мектеп-лицейі» КММ басшысы болып табылады.
Жалпы педагогикалық өтілі 24 жыл, басқарушылық өтілі - 8 жыл. 2021 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Оның басшылығымен №4 мектеп-лицей бірнеше рет жоғары нәтижелерге қол жеткізді және 2025 жылы Қазақстанның үздік 100 мектебінің рейтингіне енді.
Пікірлер қосу