Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде 22 қыркүйекте Рудный қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары үшін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде облыстық экскурсия өтті. Оқушыларға университет тарихы туралы айтып, оларды мамандықтармен таныстырды, университет аудиториялары бойынша экскурсия өткізді. Сондай-ақ оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың мұражайына барды. Естеріңізге сала кетейік, биыл Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толды.