№4 мектеп-лицейі 1977 жылы жалпы білім беретін мектеп ретінде ашылды, бірақ 1980 жылы алғашқы математикалық сыныптар пайда болды. Көптеген жылдар бойы мектеп «Математиканы тереңдетіп оқытатын №4 орта мектебі» деп аталды және тек 2013 жылы ғана мектеп-лицей мәртебесін алды. Бүгінгі күні бұл қаланың ең үлкен мектептерінің бірі, 2019-2020 оқу жылында №4 мектеп-лицейінде 53 сыныпта - 1360 оқушы білім алуда. Педагогтар ұжымы - 90 адам, оның 56%-ы бірінші және жоғары санатты, олардың 22-сі педагог-зерттеушілер.
Біздің мұғалімдер бірнеше рет әртүрлі кәсіби сайыстардың жүлдегерлері болып табылады, ал №4 мектеп-лицейі 2017 жылы «Үздік білім беру ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде екінші орынға ие болды.
Біздің түлектер қазақстандық жоғары оқу орындарында грант бойынша ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында да білім алуда. Бұл лицей сыныптарында оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен әр сыныпқа 4 сағат көлемінде қосымша әр түрлі элективті курстар өткізілетінінің арқасында мүмкін болады. Бұл жекелеген пәндерді кеңірек зерделеуге және балалардың жалпы жан-жақты дамуына ықпал етеді!